А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің институттары және жатақханалары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау шеңберінде волейболдан жарыс өтті. Турнирге барлығы 5 команда қатысты.
Спорттық сайыс тартысты болды, командалар бар шеберліктерін ортаға салды.
Инженерлік институт командасы жеңімпаз атанып, 1-ші орынды иеленді. 2-ші орын Жатақхана құрамасына бұйырса, Құқық және экономика инситутының командасы 3-ші орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға арнайы мақтау қағаздары мен кубоктар табысталды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, спорттық жарыстардың жиі өткізілуі жастардың бірлігі мен спорттық ойындарға қызығушылығын арттырады. Бүгінде салауатты өмір салтын сақтау,спортты дамыту өте маңызды. Елбасы айтқандай: «Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы».