object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:24:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«KRU VISION» ВОКАЛДЫҚ БАЙҚАУЫ

Қостанай өңірлік университеті атақты Eurovision ән байқауының қағидаларына негізделген «KRU VISION» жаңа вокалдық байқауын өткізді. Байқау Қазақстандағы ұлт өкілдерінің достығы мен бірлігін дәріптейді.

Алдын-ала іріктеу нәтижесінде финалдық сайысқа 7 өнерпаз жолдама алды. Олар Қазақстан, Ресей, Украина, Италия, Түркия, Оңтүстік Корея және Америка құрама штаттарының атынан шығып, сол елдің тіліндегі шығармаларды орындады. Өнерпаздар өздері таңдаған шығармаларын лайықты дәрежеде орындап, ерекше нөмірлер көрсетті.

KRU VISION байқауы жеңімпаздарды ерекше форматта таңдады. Қазылар алқасының шешімімен қатар, үздік дауысты таңдауға көрермендер де атсалысты. Интерактивті экранда ұсынылған QR кодты сканерлеу арқылы көрермендер ұнатқан әншісіне дауыс бере алды. Сондықтан жеңімпаз екеу.

Қазылар алқасының шешімімен Экономика және құқық институттың 1 курс студенті Дарина Таңатқанова (Түркия елінің атынан шықты) үздік вокалист атанды.

Ал, тыңдармандардың пікірінше үздік дауыс иесі – ауылшаруашылық институтының 1 курс студенті (АҚШ-ның атынан шықты) Альбина Дюгаева.

 

Қабылдау комиссиясы