ИГІЛІК жолындағы ВАЛЬС

Көктемді жақсы жаңалықпен қарсы алдық! ҚӨУ-де өткен студенттік қайырымдылық балы балалардың еміне 2,5 миллион теңге жинап берді.

Бұл бүкіл ҚӨУ-дің ортақ жеңісі.

Ақпан айында факультеттер мен педагогикалық институтта студенттер мен ұстаздар қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырды.

Сонымен бірге бал кешінің сатылған билеттерінен түскен қаражат қосылды.

– Мұндай шаралар жастардың бойында жауапкершілік сезімін оятып, асыл құндылықтар төңірегінде біріктіреді.
ҚӨУ-де қайырымдылықпен айналысу он жылдан бері үзілмей келе жатқан игі дәстүр.
Кештің басты мақсаты – дертпен алысқан бүлдіршіндерге қолдау көрсету. Жиналған қаржының соңғы тиынына дейін балалардың ата-анасына табысталады, – деп атап өтті ректор Сейтбек Қуанышбаев.

Сонымен, игі іске барлығы 2 500 870 теңге жиналды.

Бұл қаражат ем-дом мен дәрі-дәрмекке мұқтаж екі бүлдіршінге берілді: Қостанай қаласынан (жедел лимфобласты лейкоз) Хантөре Ерлан және Лисаков қаласынан Тоқтар Әбілқасым («Жизнь на ладони» жобасы аясында, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік).

Бал – 2026 кеші өте әсерлі өтті. Көрермендер бидің төрт түріне куә болды:

Биден бөлек, студенттер нағыз театрландырылған қойылымдар ұсынды.

Әр нөмір белгілі бір елдің мәдениетін, тарихы мен тағдырын баяндап, көрерменді өзге әлемге жетелегендей болды.

БАЛДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ нәтижелері

Сонымен қатар, әр бағыт бойынша үздік жұптар анықталды.

Осынау сұлулық пен мейірім мерекесіне атсалысқан барша жанға алғыс айтамыз!

Қабылдау комиссиясы