object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 17:35:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

1 сәуір – барлық құс жанашырлары үшін маңызды күн. 1906 жылы осы күні құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды, содан бері бұл күн Халықаралық құстар күні болып аталып келеді. Осы аптада университеттің жаратылыстану пәндері кафедрасында Құстар күні аталып өтті.

Оның ұйымдастырушылары – «Биология» пәнінің 1 курс магистранттары Гүлжан Сатмұхамбетова, Екатерина Малышко, Ольга Жигадло және Александр Попов биолог, географ және химик студенттермен бірге плакаттар байқауын өткізіп, танымдық викторина ұйымдастырды, құстардың өмірінен көптеген қызықты дүниелерге қанық болды, сондай-ақ оригами жасадан жылдамдық жарысын өткізді. Ал байқау жеңімпаздары Лейла Абжанова мен Анастасия Ишуткина естелік сыйлықтармен, ұжымдық және жеке грамоталармен марапатталды.

Биологиялық әртүрлілік және табиғи экожүйелерді қорғау, топырақ зоологиясы, фауна мен омыртқасыздар экологиясын зерттеу негізгі бағыты болып табылатын профессор Татьяна Брагина студенттерге Науырзым қорығы аймағындағы дала бүркіт популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ғылыми жоба туралы айтып берді. 2022 жылғы өрттің салдарынан дала бүркітінің ұялары зақымдалды. Глобал Гринтгрантс Фонд (Global Greengrants Fund) жобасы оларды жасанды қалпына келтіруді көздеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, Global Green Grant Fund – бүкіл әлем бойынша экологиялық бастамаларды қолдайтын қор. Айтпақшы, жобаның бастамашысы – университетіміздің түлегі, биолог Ришат Батряков. Жобаның сәтті орындалуына профессор-оқытушылар құрамының зерттеу материалдары мен кафедра түлектерінің ұшан-теңіз білімі ықпал етті. Табиғатты қорғау мерекелерін өткізу Жер-анаға ұқыпты қарауға және ғылыми зерттеулерге деген қызығушылықты арттырады.

Қабылдау комиссиясы