object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-17 21:48:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Дәстүрлер сабақтастығы

Baitursynuly University жаратылыстану пәндері кафедрасында «Төрлет, Наурыз - жыл басы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекенің басты ерекшелігі - қазақ халқының көне дәстүрлеріне баса назар аударылуы болды.

Іс-шараның модераторлары ретінде кафедраның аға оқытушысы - Марат Кубеев және «Биология», «Химия», «География» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Олар қазақтың үйлену дәстүрлерін - құдалық рәсімі мен кит алмасу, сондай-ақ қыз ұзату салтын көрсетті.

Әрбір дәстүрдің терең мәні мен маңызына ерекше көңіл бөлінді. Студенттер бұл тек тарихи мұра ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қатынастар мен ұрпақтар сабақтастығының негізі екенін атап өтті.

Сонымен қатар олар халық әндерін орындап, би биледі, ұлттық ойындар ұйымдастырып, қазақ халқының бай мәдениетін көрсетті. Өйткені әрбір дәстүр тек салтанатты сәттерді ғана емес, бірлік, достық пен өзара құрметті де бейнелейді!

Қабылдау комиссиясы