object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 04:41:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де «Құрметті қонақ»

2023 жылдың 2 ақпанында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында «Құрметті қонақ» жобасының алғашқы кездесуі өтті. Жобаның мақсаты – жастарға тәрбие беру, өңірімізге және республикамызға танымал тұлғалармен, университетіміздің түлектерімен байланыс орнату, олардың табысты болу құпияларымен, өмір жолдарымен танысу, сондай-ақ кәсіби қызметі, қызығушылықтары жайлы білу.

Жобаның алғашқы қонағы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы – Ескендіров Асхат Батыржанұлы. Аталмыш департамент – университеттің стратегиялық серіктесі.

Асхат Батыржанұлы – заң факультетінің түлегі. Ол әрқашан диалогқа ашық, өзінің білімімен, кәсіби тәжірибесімен болашақ заңгерлермен бөлісуге әрқашан дайын. Ол жыл сайын университет түлектерімен кездесіп, мемлекеттік қызметке кірудің шарттары, мансаптық келешегі туралы ақпарат береді. Институттың көптеген студенттері Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде білімдерін кеңейткен болатын.

Кездесу барысында «Құқықтану» ББ-ның 2-3 курс студенттері қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Студенттерді Асхат Батыржанұлының мемлекеттік қызметші ретінде қалыптасу тарихы, тәлімгерлері, хоббиі, мемлекеттік қызметке өту ерекшеліктері, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қызықтырды.

Тәрбиелік іс-шараларды өткізудің мұндай форматы қонақты өзге қырынан тануға, оның мықты жақтары, адамгершілік және азаматтық ұстанымы, мемлекетіміз бен қоғамымыздың қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы көзқарасы туралы әңгімелесуге мүмкіндік береді.

Студенттер бұл кездесуден көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.

Қабылдау комиссиясы