object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-02 00:10:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚӨУ-де «Абай әлемі» облыстық байқауы өтті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қостанай облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларының арасында «Абай әлемі» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға 11 сынып оқушыларымен бірге оқу ордамыздың студенттері мен магистранттары да қатысты.

Ұлы ақынның көркем шығармаларын, сөз өнерін дәріптеген 1 курс студенттері Сандуғаш Түленбек, Гүлсезім Қуанышбаева, Батырлан Қазым және Аяжан Алтайқызы байқауға жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.

Байқау бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезеңге 60 оқушы қатысты, олар «Абайдың әдеби мұрасы – жас ұрпаққа өнеге» тақырыбына эссе жазды. Екінші айналымға жолдама алған 45 оқушы викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін паш етті. Екінші кезеңнің нәтижесіне сәйкес ақтық сынға 28 оқушы өтіп, «мәнерлеп оқу» сайысына жіберілді.

Сайысқа қатысқан барлық оқушылардың дайындық деңгейлері жақсы екен. Бірақ жарыс болғаннан кейін жеңіске жеткендерді анықтау керек. Додаға қатысқан оқушылардың арасынан жүзден жүйріктері анықталды.

І орынды Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Айша Тұрғанбек жеңіп алды.

ІІ орынға үш оқушы лайық деп танылды:

Ал ІІІ орынды бес оқушы жеңіп алды. Олар:

 

Қабылдау комиссиясы