28-29 қаңтар күндері «Ахмет Ұрпақтары» дебат клубының ұйымдастыруымен Қазақ зиялыларының мерейтойлары аясында «Ұлт зиялылары көздеген мақсат» атты республикалық турнир өтті.
Турнирде еліміздің 8 қаласы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Көкшетау, Арқалық, Рудный қалаларының командалары бақ сынады. 9 жоғары оқу орнынан 14 дебат клубы, 32 фракция, 64 спикер қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылуында оқу ордамыздың әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.
Пікірталас тартысты өтті. Сайыскерлер ұлт зиялылары ұстанған көзқарастар, олардың қоғамға ықпалы, шығармашылықтары жайлы сөз таластырды.
Турнир нәтижесі төмендегідей:
1-орынды Павлодар қаласының пікірсайысшылары «Павлодар А» фракциясы (Ақәділ Есенқұл, Шыңғыс Молдасапар) жеңіп алды. Жүлде көлемі – 100 000 теңге.
Турнирдің финалистері:
Toraigayrov University «АҰ однажды, АҰ навсегда» фракциясы (Бекхан Жақсылық, Елемес Сланбек);
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Аяулым» фракциясы (Аяулым Тұрсынбаева және Аяулым Балабек);
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері «Әлихан Бөкейханов» фракциясы (Амина Аймагамбетова, Арман Тұңғышбек). Финалистер 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдемен марапатталды.
Жастар финалы бойынша жеңімпаздар:
1-орынды «Икигай» фракциясы (Қарағанды қаласы) иеленді. Жүлде көлемі – 15 000 теңге.
Үздік спикер – Елемес Сланбек (Павлодар қ.);
Үздік төреші – Зуһра Балахмет (Қостанай қ.). Үздік төреші мен үздік спикердің де жүлде көлемі – 15 000 теңге.
Астана қаласының «Парасат» пікірсайыс клубының спикері Дәулет Оразбаев турнир барысында әсерімен бөлісті: ««Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубының тарихы терең, өте беделді клуб және мен АҰ ұйымдастырған сайыстарға жиі қатысамын»,-деді.