object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 04:23:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«ҚҰҚЫҚТАНУ» ББ-НЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМДАР ТАБЫСТАЛДЫ

22 ақпанда ҚӨУ-нің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының қашықтықтан оқыған студенттері мен магистранттарға дипломдар табысталды.

Түлектер дипломдарын институт директоры Әлібек Табылденовтың, Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сылу Шунаева, Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының магистрі Айгүл Алдабергенова, сондай-ақ Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының магистрі Лейла Гарашованың қолынан алды.

Заңгер дипломы – бұл сапа кепілдігі, еңбек нарығындағы еркін бәсекелестік, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі, кәсіби қызметке өту, мансаптық өсу мүмкіндіктері. Сөзіміздің дәлелі ретінде «Атамекен» ҰКП-ның 2022 жылғы рейтингін алуға болады, институттың «Құқықтану» білім беру бағдарламасы Қазақстанның 56 жоғары оқу орнының арасында 3-ші орынды иеленді.

Университетіміздің түлектері жоғары білім деңгейімен, кең ауқымды дағдыларымен, кәсіби құзыреттіліктерімен, жаңашыл ойлау қабілетімен және озық көзқарастарымен ерекшеленеді.

Түлектерге үлкен жетістіктер мен сәттілік тілейміз!

 

Қабылдау комиссиясы