object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 22:56:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Республика күніне орай оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы, Әлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдиннің «Оюлар сыр шертеді» атты көрмесі өтті.

Шөптібай Байділдин1992 жылы Түркияда және 1996 жылы Америкадағы Атланта Олимпиадасында қойылған 1500-ге жуық жаңа ою-өрнек түрін жасады. Оның еңбектері «Мәдени мұра», «Мәдениет», «Жұрағат», «Арай», «Алға» журналдарында, бірқатар республикалық газеттерде жарық көрген. Астанада тұңғыш Президент мұражайында, Астана мектептерінде, Алматы қаласында және Қостанай, Арқалық қалаларында жеке көрмелері өткен. Ал бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің студенттері оның туындыларын өз көздерімен көре алды. Ұлттық мереке қарсанында ректор Сейтбек Қуанышбаев Шөптібай Байділдинге Қазақ ұлттық өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатын табыс етті.

Одан әрі, дәстүр бойынша, акт залында Республика күніне арналған концерт өтті. Естеріңізге сала кетейік, республика күні 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Ұлттық мереке ретінде бекітілді.

Концерт А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаевтың құттықтауымен басталды. Шара барысында бірнеше ондаған жылдар бойы университетте жұмыс жасап келе жатқан қызметкерлерге ғылым және жоғары білім министрі атынан мемлекеттік наградалар, алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында-ғалымдар, оқытушылар және университет қызметкерлері бар.

Салтанатты іс-шара «Өнер» студиясы мен өнер кафедрасы дайындаған концертпен жалғасты, олардың орындауында Қазақстан туралы патриоттық әндер шырқалды.

Қабылдау комиссиясы