Baitursynuly University-де бір уақытта екі мереке – Ұстаздар күні және Педагогтар ардагерлер күні аталып өтті.
⠀
ҚӨУ педагогикалық институтында ұстаздарымыз бен қызметкерлерімізге құрмет көрсетілді.
⠀
«Бүгін біз бір уақытта екі мерекені – Ардагерлер және Ұстаздар күнін атап өтеміз. Шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – болашақтың рухын оятатын шамшырақ, ал ардагерлер – өткеннің өнегесі мен бүгінгі тірегіміз. Олардың тәжірибесі біз үшін ерекше құрмет. Сіздерге табыстар тілеймін, дарынды шәкірттеріңіз көп болсын, марапат пен құрмет әр ісіңізге демеу болсын!», – деді ҚӨУ Ректоры Сейтбек Қуанышбаев
Мерекеге орай ҚӨУ ұстаздары мен қызметкерлері ректордың құрмет грамоталарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталды.
Ардагер педагогтарға ерекше құрмет көрсетілді.
Сахнаға Бибігүл Өтегенова мен Болат Салықов шығып, әріптестеріне жылы лебіздерін арнады.
«Ұлы ғұлама Ахаң айтқандай, мектеп жаны – мұғалім. Осы сөз ұстаздық миссияның мәнін ашады. Ардагер ұстаз ретінде басты мақсатымыз – жас ұрпақты тәрбиелеу, болашақ ұстаздарға білім мен тәжірибе беру. Баршаңызға денсаулық, бақыт пен шығармашылық табыс тілеймін. Университетіміз жарқырап, шәкіртке толы болсын!», – деді ардагер-педагог Бибігүл Өтегенова.
Концерт әріптестердің жүрек жылытар өнерімен, студенттердің жарқын, шебер көріністерімен сәнделді.
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй үшін РАҚМЕТ!