Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының спортта халықаралық дәрежедегі жетістіктері бар студенттермен кездесу өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық парызды, жауапкершілікті қалыптастыру. Сондай-ақ студенттерді әлемдік спорт аренасында танылған чемпиондармен таныстыру.
Кездесуге бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы Надежда Рябец; гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Яна Литвинова; сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері, гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кирилл Мартынчик шақырылды. Үшеуі де 4 курс студенттері. Олар кездесу барысында өз жетістіктерімен, халықаралық жарыстардағы естеліктерімен бөлісті, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Спортшыларға спорттағы белсенділіктері үші институт атынан алғыс хаттар табысталды. ҚӨУ-нің жас спортшылары өздері білім алып жатқан оқу орнының ғана емес, барлық Қазақстанның беделін көтеріп жүр.
Спортшыларымыздың жеңістері көп болсын, еліміздің көк туын әлемнің түпкір-түпкірінде желбірете берсін!
Кездесу Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Дидар Жұмекенованың және «Туризм» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.