Бүгін Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда ұжымның 2020 жылғы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері қорытындыланды:
- биылғы жылдың айрықша ерекшелігі – жаңа өңірлік университет мәртебесін алу,
- көптеген жобалар жүзеге асырылды,
- аккредитациядан өту және т. б.
Осы жетістіктердің барлығында әрбір педагогтың, ғалымның, қызметкердің үлесі бар екені сөзсіз. Бүгін университет басшылығы қойылған міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан әріптестерімізге құрмет көрсетті.
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары білікті мамандарды тәрбиелегені үшін ҚР ЖОО қауымдастығынан жоғары кәсіптік білім беру саласындағы "Үздік педагог" атағы шет тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кудрицкая Марина Ивановнаға берілді.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің "Құрмет" грамоталарымен бірқатар қызметкерлер марапатталды:
☑Божевольная Наталья Витальевна
☑Осипчук Наталья Евгеньевна
☑Какенов Абылай-хан Мубаракович
☑Радченко Петр Николаевич
☑Гриднева Вероника Михайловна
Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының оқытушысы Маканова Балғын Жарулловна ҚР БҒМ алғыс грамотасымен марапатталды.
Бұл марапаттар әрбір қызметкердің еңбегі мен қажырлы еңбегін мойындау болып табылады!