object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 19:25:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Дәстүр мен жаңашылдық

Baitursynuly University Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының тілдер және әдебиет теориясы кафедрасы «Жаным садаға» - ұлттық болмыстың көркем айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Балауса» шығармашылық үйірмесінің жетекшісі Мырзағалиева Күлзада.

Іс-шарада көрнекті қазақ ғалымы және қадірлі педагог Алма Қыраубаеваның «Жаным садаға» шығармасын ұлттық сананың, рухани құндылықтардың, сондай-ақ, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелері тұрғысынан талқылады. Қатысушылар туындының көркемдік ерекшеліктерін және автордың рухани-адамгершілік идеяларын сараптады.

Студенттер ұлттық тәрбие, мектеп өмірі, шығармадағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел үлкен қызығушылық тудырып, жанданды. Болашақ педагогтар туынды туралы терең әрі мазмұнды пікірлер білдірді. Институт директоры Есіркепова Кенжегүл студенттер арасында өз ойларымен бөлісті.

Белсенді қатысушыларға тілдер және әдебиет теориясы кафедрасы атынан алғыс хаттар табыс етілді. Әдеби іс-шара көңілді әрі қызықты өтті.

Қабылдау комиссиясы