2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Штаб құрылды. Штаб құрамына институт директорлары, студенттер, Басқарма мүшесі, стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор, Әдеп және сыбайлас жемқорлық істері жөніндегі уәкіл, штаб төрағасы Арман Исамайлов, оқу ісі жөніндегі проректор Ербол Исақаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы – штабтың жауапты хатшысы Нұрсұлтан Алықпашев кіреді.
«Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және университет білім алушыларының, ПОҚ-ның, қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Акция аясында университетте білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды. Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін электронды «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерде тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген.А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ басшылығы студенттер мен магистранттарды университеттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсене атсалысуға, сондай-ақ сапалы білім алу құқықтары аясында «Таза сессияны» қадағалап, әділдік іздеуге шақырады. Өз кезегінде, штаб мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністері немесе орын алған бұзушылық фактілері туралы жедел хабар беруі тиіс.
Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар және қызметкерлер! Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы хабарлай аласыз:
Электрондық пошта: office_combating_corruption@ksu.edu.kz
+ 7-776-719-05-03 (WhatsApp) - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңсесінің басшысы
«Электрондық сенім жәшігі»: https://ksu.edu.kz/ru/rectors-blog / («Ректор блогы»)