Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде мереке ұлттық тағамдар жәрмеңкесінен басталды. Қонақтар дәстүрлі дәмдерден ауыз тиіп, қазақтың кең дастарханымен танысуға мүмкіндік алды.
Бұл күннің маңызды шараларының бірі – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және заманауи қазақ қызының бейнесін ашуға бағытталған «Əдепті қыз – əдемі» байқауы болды. Қатысушы қыздар өз өнерлері мен қабілеттерін түрлі бағыттарда, шығармашылықта, қолөнерінде жоғары деңгейде көрсете білді.
Байқау тек әдемі мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар жастардың бойында ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге және рухани құндылықтарға деген құрметті қалыптастыратын маңызды тәрбиелік алаңға айналды.
Мерекелік көңіл-күйді студенттердің жарқын шығармашылық нөмірлері толықтырып, іс-шараның мазмұнын одан әрі байытып, шабыттандыра түсті.


























