Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына отыз жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміз талай қиыншылықтарды еңсеріп, егемендіктің ертеңін көркейту жолында бірталай жұмыстар атқарылды. Егемендіктің отыз жылын еңсерген тұста елім деген әр азаматты «Отыз жылда қандай жетістіктерге жеттік?», «Еліміздің болашағы не болмақ?», «Елдігімізді қалай нығайта түсеміз?» деген мәселелер толғандырары анық. Міне, көпшіліктің көкейіндегі осы сұрақтарға жауап беру үшін өткеніміз бен бүгінімізді саралап, өткеннен сабақ алып, ертеңге жол бастар жол іздейміз. Ендеше, еліміздің ұстанған бағыты жайлы, болашаққа бағдары жайлы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрбек Әбдібеков журналистика ББ-ның студенттерімен өткен кездесуде айтып берді. Кездесу барысында Нұрбек Елікбайұлы бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы, прагматизм, ұлттық кодты сақтау сияқты маңызды мәселелерді көтерді. Білімнің маңыздылығы, сананың ашықтығы, тарихтың тағылымы талқыланған кездесу жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, рухани азық болғаны анық.