object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:24:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-нің СТУДЕНТТЕРІ-JASTAR FEST ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

«Мирас» МҮ – де Jastar Fest-2023 қалалық шығармашылық фестивалінің соңғы кезеңі өтті, оның кастингіне 300-ден астам адам қатысты. Байқау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Жана тыңыс MDi» жастар қоғамдық бірлестігінің қамқорлығымен екінші жыл өткізіліп келеді.

Өнер мен мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті анықтауға бағытталған фестивальге 35 жасқа дейінгі жастар қатысады. Байқау 3 бағыт бойынша өтті: 16-23 жас санатындағы вокал, 24-35 жас санатындағы вокал, хореография.

Байқауға қатысқан А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің студенттері өздерінің вокалдық таланттарын көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жас санатында 1 орын бірауыздан «Маркетинг» ББ 3 курс студенті Мадина Смағұловаға берілді, ол 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтың иегері атанды. Ал Мәулен Қадыров – «Ақпараттық жүйелер» ББ 3 курс студенті 3 орын және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Айтпақшы, екеуі де «Өнер» шығармашылық студиясына барады.

Қазылар алқасының арнайы мүшесі ТВ, кино және музыкалық жобалардың продюсері Жан Мұқанов Асқар Туринязовтың ерекше талантын атап өтіп, оған 100 000 теңге көлемінде атаулы сыйлық табыс етті.

Қабылдау комиссиясы