П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Құқықтану» ББ-ның студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді. Колледж студенттері үшін кафедраның мамандандырылған аудиторияларына экскурсия ұйымдастырылды.
Кафедра меңгерушісі Лейла Гарашова студенттерге «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары, әскери кафедра, студенттердің академиялық ұтқырлығы мен оқу орнында жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдау мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, колледж студенттеріне кафедраның аға оқытушысы Бибігүл Саламатованың жетекшілігімен оқу-әдістемелік сот процесі көрсетілді. Оқу-әдістемелік сот отырысы «Басты сот талқылауы» тақырыбындағы іскерлік ойын түрінде өтті, мұнда «Құқықтану» ББ-ның 3 курс студенттері қылмыстық процеске қатысушы «кейіпкерлердің» (сот, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, сотталушы және т.б.) «рөлін» сомдады.
Мұндай тәжірибелік сабақтардың маңызы зор. Студенттер теориялық біліммен қоса практикалық дағдыларды қатар үйренеді.