Baitursynuly University қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттері үшін оқу жылы ерекше қуанышпен аяқталып отыр.
Үздіктердің үздіктеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
"Бұл бөлімнің студенттерінің жолы болғыш! «Жылдың қорытындысы бойынша ұстаздар қауымы атынан алғаш рет құрметке ие болдыңыздар, - деді ҚӨУ ғылыми-зерттеу, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс ЖАРЛЫҒАСОВ. – Бірақ шындап айтсам, сендер мықтысыңдар! Қарапайым мысал: өткен жылы шәкірттер республикалық олимпиадада үшінші орын алса, биыл екінші орынға ие болды. Келесі жолы жеңіспен ораларсыздар."
Спортшы, белсенді әрі аруымыз Анель Пимичева "Жыл студенті" атанды.
Сондай-ақ олимпиаданың үздік қатысушылары, волонтерлер, қоғам белсенділері, спортшылар, сондай-ақ БАҚ беттеріндегі мақалалар мен сюжеттердің кейіпкерлері марапатталды.
Шәкірттердің ата-аналарына табысталған алғыс хаттарды айрықша атап өтуге болады.
Кафедра меңгерушісі Серікжан ИСМАИЛОВТЫҢ айтуынша, идея авторлары – тұтас педагогикалық ұжым. Шара жақсы дәстүрге айналады деген сенімдеміз.
P.S. Қыз-жігіттерге тамаша сыйлықтар тарту еткен Allur компаниясына алғыс айтамыз.