Өңірлерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталды.
BU әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мен экономика және құқық факультетінің студенттері мен оқытушылары бастаманы бір ауыздан қолдады.
Қолдарында кетпен-күрек, сыпырғыштары бар екі жүзге жуық адам университеттің айналасын тәртіпке келтірді.
Жаппай сенбілікке университеттің барлық корпустары қосылды. Сенбілік 11 мамырға дейін жалғасады.
Сіз де бізге қосылыңыз және бізбен бірге университетімізді, қаламызды, елімізді таза әрі жайлы етуге атсалысайық!