object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:32:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2023

Дәстүрлі «Студенттік көктем – 2023» шығармашылық фестивалі дарынды студенттерді анықтауға, сондай-ақ жас ұрпақтың назарын шығармашылыққа аударуға бағытталған. Іс-шараны Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының мемлекеттік тапсырысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қоры өткізді.
Фестивальдің бірінші күні фотокросс, шағын футболдан, волейбол мен баскетболдан турнирлер, интеллектуалдық ойын, сондай-ақ Жайдарман/КВН ойындары өтті.
Екінші күні спорт түрлерінен финалдық ойындар мен шығармашылық гала-концертті тамашаладық және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Студенттеріміз жақсы дайындықтарын көрсетіп, жарыстардың барлық түрлерінде жүлделі орындарға ие болды:
  • 1 орын – интеллектуалдық ойын
  • 1 орын – Жайдарман/КВН
  • 1 орын – шағын футболдан
  • 1 орын – волейболдан
  • 2 орын - "Фотокросс"
  • 2 орын – баскетбол

Шығармашылық гала-концертте де ҚӨУ-нің командасы үздік нәтиже көрсетіп, 3-орынға ие болды!

Сонымен қатар жастар қозғалысын дамыту мақсатында әрбір университетке 500 000 теңге ақшалай сертификаттар табысталды.

Университет өз студенттерімен мақтанады және ұйымдастырушыларға осы іс-шараны ұйымдастырғаны және қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді!

 

Қабылдау комиссиясы