19 сәуір күні университеттің студенттік парламенті А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің студенттік белсенділерімен онлайн режимде кездесті.
Екі жақ жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін, студенттік клубтар мен бірлестіктердің қызметін талқылады. Студенттер белсенді түрде ақпарат алмасты, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндігі мен форматын қарастырды. Мәселен, бірлескен интеллектуалдық ойындар мен диалог алаңдарын өткізу жоспарда бар.
Кездесу соңында студенттер бір-біріне оқу жылының сәтті аяқталуын, студенттік өмірлерінің қызықты, әрі жарқын болуын тіледі. ҚӨУ-нің студенттері үшін онлайн-кездесу жақсы әсер қалдырды. Тікелей эфир аяқталғаннан кейін олар жаңа шабытпен жоспар құрып, алға биік мақсаттар қойды.