Бұрын-соңды болмаған оқиға! Baitursynuly University – Студенттік Парламент мүшелерінің жеке куәліктерін әзірлеген алғашқы жоғары оқу орны!
Алғашқы куәлік иегерлері – @baitursynuly_parliament белсенділері, университетіміздің әртүрлі білім беру бағдарламаларының студенттері. Белсенділер, көшбасшылар, талантты жігіттер мен қыздар.
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев әр студентке бұл құжатты жеке өзі табыстады. Ол аталған куәліктің иесі, әрі Студенттік Парламенттың мүшесі болу – үлкен мәртебе екенін атап өтті.
Студенттерді құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!!!