Сәуірдің 13-і мен 17-сі аралығында Могилев қаласында (Беларусь) полиатлоннан жазғы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қостанай өңірлік универсиетінің дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 3 курс студенті Арсений Калинин қатысып, 21-23 жас аралығында 1-орынға ие болды.
Жарыс пневматикалық винтовкадан ату, спринт, жүзу және төзімділікке жүгіру сияқты төрт кезеңнен тұрды. Чемпионатқа Беларусь, Қазақстан және Ресейден 150 спортшы қатысты. Полиатлон чемпионатының ұйымдастырушылары – Халықаралық полиатлон қауымдастығы мен Беларусь-Ресей университеті.
Ал Түркістанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбыдан еліміздің 9 облысынан 55 спортшы бақ сынаған Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Чемпионат ересектер мен жасөспірімдер арасында классикалық және блиц кезеңдері бойынша өтті.
«Дене шынықтыру және спорт» ББ-ның 1 курс студенті Балжан Жұмағазыева ересектер арасындағы жеке біріншілікте «блиц» және «классикалық» санаттары бойынша бірден екі екінші орынды иеленді.
Арсениді, оның жаттықтырушысы Кнышев Василий Васильевичті және Балжанды жеңістерімен құттықтаймыз!