object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:28:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Дәстүр бойынша, студенттер демалыста болған уақытта 10-15 қаңтар аралығында «Сұңқар» спорт клубы мен кәсіподақ комитеті әртүрлі спорт түрлері бойынша ҚӨУ-нің оқытушылары мен қызметкерлері арасында біріншілік өткізді. Оған барлық құрылымдық бөлімшелер қатысады.

10 қаңтарда өткен стритбол жарысына 5 ерлер мен 3 әйелдер командасы қатысып, қорытынды орындар келесідей бөлінді: ерлер арасында машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде 1 орын, педагогикалық институттың командасы 2 орын және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде 3 орын. Әйелдер арасында педагогикалық институттың командасы көшбасшы болып танылды, 2 орын ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде және 3 орынды экономика және құқық факультеті алды.

Ерлер арасындағы шахмат жарысында барлық үш орын машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің өкілдеріне тиесілі болды:

Әйелдер арасында 1 орын Инна Брель-Киселевада (АШҒФ), 2 орында Шырай Искакова (ПИ) және көшбасшылар үштігін Гүлжамал Мұқашева қорытындылады (ЭжҚФ).

Тек ер адамдар қатысқан футзал жарыстарында орындар келесідей бөлінді:

Аралас командалар қатысқан волейбол жарыстарында ӘБҚ командасы үздік атанды, педагогикалық институтта 2 орын және 3 орында - МЖЭжАТФ.

Бадминтоннан жарыста 1 орын – Қадиша Темірханова мен Александр Белеговта, Болат Салықов пен Азамат Исабаев 2 орында, Нұргелді Хасенов пен Светлана Агеева 3 орын алды.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, керемет өтті. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар университеттің кәсіподақ комитетінің грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, үздік спортшылар үздік ойыншы, шабуылшы, қорғаушы, көрермендер көзайымы сыйлығы және т. б. номинацияларда марапатталды.

Жарыс әлі өз мәресіне жеткен жоқ, әлі де оқу жылы ішінде өткізілетін басқа да көптеген түрлері бар.

Қабылдау комиссиясы