Құрметті студенттер, әріптестер!Сіздерге коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алуға байланысты енгізілген жаңашылдықтар туралы хабарлаймыз.
2021 жылдың 31 мамырынан бастап (дүйсенбі) А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не кіру ASHYQ мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады.
ASHYQ – вирустың таралу қаупін және инфекцияға әкелетін байланыс санын азайтады.
Университетке келер алдында не істеу керек:
ASHYQ» қосымшасын жүктеу
Тіркелу
Университеттің кіреберісінде ілінген QR кодты сканерлеу
Мәртебеңізді тексерушіге (қауіпсіздік қызметіне) көрсетесіз. (қызыл, сары, көк, жасыл түстер).
Сіз қосымшаны Google Play Store және App Store-дан жүктей аласыз. Сізге ыңғайлы болу үшін біз каруселге QR кодтарды салдық.
Мәртебелердің қандай түрлері бар және олар нені білдіреді:
Жасыл түс - қозғалысқа шектеу жоқ, ПТР міндетті болып табылатын орындар үшін міндетті;
Көк түс - ПТР анықтамасын көрсету міндетті болып табылатын орындарға ғана кіре алмайсыз, басқа жерлерге кіруге рұқсат;
Сары түс - қолданушы ПТР деректер базасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілгендіктен кейбір орындарға кіруге рұқсат жоқ;
Қызыл түс – қозғалысқа шектеу қойылады, амбулаторлық бақылауда тұрған адамдар үшін оқшаулаудың қатаң режимін сақтау (мекемелерге кіруге тыйым салынады).