ҚӨУ-де «Сөз зертханасы» облыстық ораторлық шеберлік байқауының аясында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналып ұйымдастырылды.
Оған Қостанай облысының мектеп оқушылары мен ҚӨУ педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Қатысушылар байқауда танымал ақындар мен өз қаламынан туған өлеңдерін оқыды.
Сондай-ақ, ұрпақтар жадын және тарихымыздың даңқты беттеріндегі мақтаныш сезімін растайтын әндер мен шын жүректер шыққан сөздер айтылды.
Әр түрлі жастағы 40-тан астам қатысушы сөзбен жұмыс жасау шеберліктерін, оның терең мағынасын жеткізе алу қабілеттерін көрсетті.
Мектеп оқушылары арасынан жеңімпаз атанғандар: Академиялық лицей, ФМЛ, М.Горький атындағы гимназия, №7 мектеп, Федоров ауданының Абай атындағы мектеп оқушылары.
Студенттер арасында Маргарита Буркова, Дарья Михайлова, Амина Ример үздік деп танылды.