ОТБАСЫ махаббаттан басталады

Baitursynuly University “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” атты ұлттық мерекелік іс-шара өтті.

15 сәуір - Ғашықтар күніне орай өткен бұл іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты - студенттер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау және қазіргі қоғамдағы өзекті отбасылық мәселелерге назар аудару.

Мерекеге 59 жыл отасқан отбасы - Эмиль Мажитович пен Улжибек Кенжегалиевна Сейдалиндер және 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері - жас отбасы Диас Иргибаев пен Зарина Елтаева шақырылды.

Қабылдау комиссиясы