object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:42:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ КВН ҚҰРАМАСЫ - «ДОСТАР» ЛИГАСЫ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНДАРЫ

«Мирас» мәдениет үйінде облыстық «Достар» КВН лигасының финалы өтіп, оған университеттің «Руслан Фазылбекұлы ЖК» командасы қатысты. Команда екінші жыл қатарынан финалға шықты. Биыл олар өткен жылғы нәтижені қайталады. 2-орын және 500 000 теңгелік жүлде қоры лайықты түрде «Достар» лигасы – 2023 КВН вице-чемпиондарының қоржынында.

Квншылардың финалдық ойынында университет құрамасы «Бренд» (Жангелдин ауданы), «Коперские» (Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі), «Канский фестиваль» (Қарасу ауданы) командаларымен кездесті.

Ал төрешілер алқасына облысымыздың атақты КВН ойыншылары, әртістері: КВН ойыншысы Ілияс Қобжасаров, актриса, жүргізуші, КВН ойыншысы Татьяна Тұрлай, Қостанай КВН кәсіпкері және ардагері Дидар Жетпісбаев, шоуэман, актер Азамат Ибраев және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсеков кірді.

Ойын нәтижелері бойынша «Бренд» КВН командасы маусым чемпиондары атанды,

2-орын ҚӨУ-нің құрамасында және 3-ші орында «Коперские».

Екінші жыл қатарынан «Достар» КВН лигасының үздік актрисасы болып «ЖК Руслан Фазылбекұлы» командасының қатысушысы «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Екатерина Талиева атанды. Ал үздік актер «Бренд» КВН командасының қатысушысы Шыңғыс-хан Балташ болды.

Ойын Қостанай облысы «Аманат» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенді қолдауымен өтті.

Қабылдау комиссиясы