Baitursynuly University-де университеттің 85 жылдығына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.
Жиынға университетті дамытудағы ерекше еңбегі бар ардагерлер, оқытушылар мен қызметкерлер жиналды.
- Сіздерді мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! 85 жылда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті үлкен жетістіктерге жетіп, өңірдегі жетекші жоғары оқу орнына айналды. Бұл — сіздердің, біздің әріптестеріміздің еңбегі! — деп құттықтады, ҚӨУ ректоры Сейтбек Бекенұлы ҚУАНЫШБАЕВ.
Университет қызметкерлері мен оқытушылары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың марапаттарын, төс белгілерін, дипломдар мен алғыс хаттар алды.