object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:33:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЕРІКТІЛЕР!

Бүгін, 5 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық еріктілер күні немесе үйреншікті тілде еріктілер күні атап өтілуде. Бұл мереке соңғы жылдары Қазақстанда да ерекше маңызға ие болды.

Ұлттық волонтерлік желінің деректері бойынша Қазақстанда бүгінгі таңда 3 572 ұйым тіркелген, онда 60 000-нан астам волонтер түрлі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырады.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университетінде «Аялы Жүрек»  және «Жарық» екі еріктілер клубы жұмыс істейді. Екі мыңнан астам студент қайырымдылық жұмыстарымен айналысады.

Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы «Облыстың үздік еріктісі» байқауын өткізеді және екі жыл қатарынан Үздік еріктілер қатарында – ҚӨУ-нің студенттері тұр.

Біздің еріктілерімізді мерекелерімен құттықтаймыз, олардың мейірімділіктері мен шексіз адалдығы бұл әлемді күн сайын жақсартып келеді.

Бұл күн сіздер үшін ерекше. Біз сіздердің қайырымдылыққа қосып жатқан әрбір қадамдарынызды бағалаймыз және әрдайым қолдауға дайынбыз. Адамдарға деген сүйіспеншілігіңіз үшін және көмектесуге дайын болғаныңыз үшін рахмет!

Қабылдау комиссиясы