object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-19 18:20:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Сүйем сені, Қазақстан!» мәнерлеп оқу байқауы

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының акт залында ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері арасында «Сүйем сені, Қазақстан!» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

Байқау барысында тек авторлық шығармалар ғана емес, сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин, Қалқаман Сарин, Күләш Ахметованың және басқа да көптеген көрнекті жазушылардың өлеңдері оқылды.

Байқаудың ұйымдастырушылары білікті қазылар алқасын, өз ісінің кәсіби мамандарын, атақты жазушылар Ақылбек Шаяхетов пен Серікбай Оспановты шақырды. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының директоры Марғұлан Оспанов, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының «Жас сахна» студенттер театрының жетекшісі Ақбидаш Қапанқызы және «Балауса» клубының жетекшісі Гүлхан Галимханқызы әрбір қатысушыны лайықты бағалай білді! 

Конкурстың жеңімпаздары мен номинанттары:

Қабылдау комиссиясы