object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-25 10:52:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ дипломымен – жаңа өмірге қадам!

Дипломдарды табыстайтын уақыт басталды! Бүгін Baitursynuly University-де ҚӨУ Педагогикалық институтының түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.  

Институттың биылғы түлектерінің саны – 720, оның 680-і бакалавриат студенті, 40-ы магистрант. 

Бүгін алдымен жоғары және техникалық кәсіптік оқыту базасында (241 адам) қысқартылған оқу түрінде білім алған студенттер дипломдарын алды.  

 Baitursynuly University әлеуметтік-тәрбие мәселелері жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков түлектер мен олардың жақындарын атаулы күнімен құттықтап, ҚӨУ-дің жеке үлгісіндегі дипломдарын табыс етті.  

 "Біздің магистратураға оқуға түсіңіздер, педагогтермен байланыста болыңыздар, университетке келіп тұрыңыздар, сіздерге әрдайым есігіміз ашық. Сәттілік! – деп Нұрлыхан Мұқанұлы тілектестігін білдірді."

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың директоры Кенжегүл Қабылғазықызы Есіркепова түлектерге әрдайым ұшқан ұяларын еске алып, alma mater-ге қайтып келуге шақырды.  

Біз түлектерімізді құттықтап, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы