Бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «парасаттылық сағаты» республикалық акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ұйымдастырған білім алушылармен кездесу өтті.
Іс-шара барысында студенттерге Жас ғалым, ғылым докторы және ҚР 9 патентінің иегері, Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің Аграрлық техника және көлік кафедрасының доценті Евгений Золотухин сыбайлас жемқорлықтың қоғамға теріс әсеріне, адамгершілік қағидаттары туралы, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, студенттерге «сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы туралы ақпарат ұсынылды, оның шеңберінде білім алушылар жобаның Жарғысымен таныстырылды, сондай-ақ волонтерлердің қызметі туралы айтылды. Осыған байланысты ЖОО студенттері (қоғамдағы басқа әлеуметтік санаттармен қатар) осы жоба шеңберінде Қоғамның негізгі салалары бойынша қоғамдық бақылау жүргізудегі өздерінің азаматтық борышын көрсете алады.