object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:18:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

РЕКТОР ШЫРШАСЫ - 2023

Жаңа жыл қарсаңында университетте дәстүрлі ректор шыршасы өтті, оған университеттің барлық факультеттерінің, студенттік клубтарының белсенділері қатысты. Іс-шара караоке стилінде өтіп, күлкілі конкурстар мен нөмірлер қойылды.

Айта кету керек, университет басшылығы әрдайым студенттік бастамаларды қолдайды және жастар қозғалысын дамытуға көмектеседі. Сондықтан ең белсенді студенттер университеттің дамуына қосқан үлесі үшін ректордың алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталғандардың арасында бірінші курс студенттері де бар, олар енді ғана студенттік өмірге енсе де, өздерін университеттің қоғамдық өмірінің әртүрлі бағыттарында көрсете білді.

Өткен жыл өте нәтижелі, жемісті, жеңісті болды.

Республикалық пікірсайыс турнирінде 1 орын;

«Студенттік көктем-2023ж» фестивалінде жалпы командалық есепте 1 орын;

Біздің студенттер Артем Вискуп пен Глеб Футман облыстың үздік еріктілері деп танылды;

Біздің студенттеріміз Мадина Смағұлова, Мәулен Қадыров және Асқар Турниязовтың «Jastar fest» облыстық таланттар байқауындағы жеңісі ;

Халықаралық студенттер күнін мерекелеу аясында Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында зияткерлік ойында 1 орын;

«Достар» университетінің командасы КВН облыстық лигасының Вице-чемпионы атанды, ал «Ахмет Ұрпақтары» және «Парасат» дебат клубтары 3 Республикалық, 15 облыстық және 10 қалалық дебат турнирлерін өткізді. Бұл табыстар мен жеңістердің толық тізімі емес, мұның бәрі біздің студенттердің еңбегі.

жастар саясаты басқармасы мен студенттік парламент мүшелері дайындаған іс-шара барынша көңілді, эмоцианалды түрде өтті. Жиын соңында Аяз ата мен ақшақар құттықтауы да болды.

Біз барлық студенттерді сессияның сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және жаңа 2024 жылы жақсы демалыс пен жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!!!

Қабылдау комиссиясы