«Мамандықтағы тұлғалар» - осындай атаумен В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының биология және химия кафедрасы пікірталас алаңын ұйымдастырды.
Іс-шара Қостанай қаласының «Білім ел» химия-биология мұғалімдерінің қауымдастығы және Химияны оқыту әдістемесін зерттеу орталығы мамандарымен бірігіп өткізілді.
Пікірталастың басты мақсаты - «Химия», «Биология» білім беру бағдарламаларының бетке ұстар мамандарын біріктіру, кәсіби сала өкілдерін талапкерлерге үлгі ретінде таныстыру арқылы аталмыш білім беру бағдарламаларына тарту. Талқылау барысында қатысушылар өздеріне төмендегі міндеттерді шешу талабын қойды:
Пікірталасқа Қостанай облысы мектептері мен колледждерінің биология және химия пәндерінің жетекші оқытушылары, «Химия, биология» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен түлектері, сондай-ақ өмірін химия және биологиямен байланыстыруды жоспарлап жүрген жандар қатысты.