Бүгін Baitursynuly University қабырғасында ерекше мерекелік атмосфера орнады. Бұл керемет көңіл-күйді университетіміздің ер азаматтары сыйлады. 8 наурыз мерекесіне арналған концерт шын мәнінде әсерлі, жарқын әрі ұмытылмас болды!
Мерекенің алғашқы тосынсыйы - университетіміздің әскери кафедрасының жігіттері нәзік жандыларды құрметпен қарсы алды.
Сахнада өнер мен шаттық үндесті - студенттер де, оқытушылар да, тіпті факультет декандары да бар ынтасымен ән шырқап, би билеп, мерекенің ажарын аша түсті.
Ең керемет сәт - ер азаматтар тек «гүл сыйлау керек» деп әндетіп қана қоймай, оны шынайы іс-әрекетпен дәлелдеді. Залдағы әрбір ару нәзік гүл шоғын алып, мерекенің басты кейіпкеріне айналды.
Бұл кеш тек көңілді ғана емес, ерекше жылы, әсерлі, ЖАН ТЕБІРЕНТЕРЛІК сәттерге толы болды. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымыз шексіз!