object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 02:19:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Экономика және қаржы кафедрасының студенттерінен құрылған «Креативные Эмитенты» командасы «NewTown Students» интеллектуалды ойынында 3-орынға ие болды. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы ұлттық валюта, теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырды. Сайысқа Қостанай облысының жоғары оқу орындары қатысты. Шара жастардың назарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметіне аударуға және теңгенің жасалу тарихын кеңінен насихаттауға, сондай-ақ ұлттық валютаның тәуелсіз мемлекеттің кепілдігінің бірі екенін айқындауға бағытталған.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің командасына диплом, Қазақстан монеталарының каталогы мен сыйлыққа коллекциялық монеталар табысталды.

Ойынға қатысушылар сайыс барысында тапқырлықтарын, білім деңгейлері мен шектеулі уақытта стандартты емес жағдайда шешім қабылдау қабілеттерін, сонымен қатар командада жұмыс істеуге бейімділіктерін көрсетулері керек болды.

Қабылдау комиссиясы