object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-02 23:11:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА арналған жорық

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қостанай облысының жастарын біріктірген ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушы – ҚӨУ мен өңірлік дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығы және Қостанай облысы білім басқармасы.

Облыс қалалары мен аудандарынан келген 10 команда екі күн бойы жарысты.

Іс-шара форматы жаяу жорықты қамтып, қатысушылар түрлі кедергілер мен дала жағдайындағы өмір сүру элементтерін еңсерді.

Қатысушылар физикалық дайындықтарын, әскери-тактикалық машықтарын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Кедергілер жолағына ҚӨУ әскери кафедрасының қолдауымен дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасы оқытушылары жауапты болды

Сондай-ақ, көмекке «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру», «Туризм» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері тартылды.

Айта кететін жайт, іс-шара жоғары деңгейде жоспарланып, жүзеге асырылды.

Бұл жоба жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілік пен ұрпақ ерлігіне құрмет сезімін қалыптастыруға қосылған маңызды үлес болды.

Қабылдау комиссиясы