object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 02:20:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ПІКІРСАЙЫСШЫЛАРЫМЫЗ ҚАРАҒАНДЫДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

1-2 сәуір күндері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ҚарУ пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «FIFA KSU CUP IX» республикалық турнирі өтті.

Турнирдің тақырыбы FIFA және 2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатына негізделді.

Жарысқа Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Арқалық, Қызылорда, Екібастұз, Жезқазған қалаларынан 32 команда, 64 пікірсайысшы қатысты.

«Парасат» дебат клубынан 5 фракция бақтарын сынады. Турнир нәтижесі төмендегідей:

«Парасат» дебат клубының жас буындары, «Жастар алаңында» командасының мүшелері Сұлтан Қамбаров пен Санжар Ажбинбетов 1 орынды иеленді.

2 орын да біздің студенттердің еншісінде, Индира Артықбай мен Ыбырай Сабыржан жақсы ойын көрсетті. Ал, Шыңғыс Жұмағали ЛД финалисті атанды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және арнайы кубоктармен марапатталды. Студенттерімізді құттықтаймыз, тек алға!

Қабылдау комиссиясы