ҚӨУ перваштарының энергиясын осы аптада университеттің әр бұрышында сезіне алдық.
Дәстүрге айналған «Армысыздар, бұл – біз» фестивалі осы жолы да жарқын әрі есте қаларлықтай өтті.
Фестивальдің ашылуында ҚӨУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков студенттерді құттықтады:
«Бұл фестиваль жастардың талантын көрсетіп, күшін біріктіретін және университет рухын асқақтатын мереке. Біздің ҚӨУ – үлкен әрі тату отбасы. Бірінші курс студенттері, қош келдіңіздер!»
Бірнеше ай ішінде балмұздақтар оқу процесіне тез бейімделгенін көрсетті. Сахнада олар өз мамандықтарын креативті әрі қызықты таныстырды.
Хореография, вокал, тіпті шағын спектакльдер. Сонымен қатар, студенттер экология, өзін-өзі тану, кәсіби бағдар сынды маңызды әлеуметтік мәселелерді де қозғады.
Жюри үшін таңдау оңай болған жоқ. Фестивальдің қорытындысы:
Құттықтаймыз!!!
⠀
Ұйымдастырушылар – ҚӨУ жастар саясаты басқармасына, студенттік актив пен барлық ұйымдастыру комитетіне үлкен алғыс. Бұл нағыз керемет, естен кетпес тарихқа айналды! Алдағы оқу жылына, енді, энергия толы!

















