object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 18:52:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тырна күнін атап өтті

20 жылдан астам Baitursynuly University-де тырна күнін атап өту жақсы дәстүр болып келеді.

Кеше бердвотчерлер (құстану-әуесқойлар) клубы тағы бір мерейтойды атап өтті - бірінші курс студенттері үшін экологиялық викторина ұйымдастырды.

Студенттерді клуб жетекшісі профессор Татьяна БРАГИНА, ҚӨУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Гаухар БАУБЕКОВА және мерекенің арнайы қонағы - бұрынғы бердвотчерлер клубының жетекшісі Елена АНДРЕЕВА қарсы алды.

Белсенді студенттер Даниил ХРИСТИНЕЦКИЙ, Бауыржан ДУЗЕНОВ, Айдана САБЫРЖАН, Адина ОРМАНОВА және Серік АМАНГЕЛДИЕВ бірінші курс студенттеріне Қазақстан аумағында мекендейтін тырналардың түрлері туралы айтып берді, сондай-ақ олар үшін ғылыми-танымдық квиз өткізді.

"География" білім беру бағдарламасының студенті Аружан ЕСЕРКЕПОВА викторинада жеңімпаз атанды, "Биология" ББ студенттері Сабрина САНДЫБАЕВА, Аделина МАСТАНОВА және "Химия" ББ студенті Нұржан ИСМАИЛОВ тақырыптық плакат байқауында жеңіске жетті.

Студенттерді құттықтаймыз және біздің бердвотчерлер клубының қатарын толықтыруға шақырамыз!

Қабылдау комиссиясы