object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-28 00:24:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БІР ЕЛ-БІР КІТАП

Қазақстанда 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы өтуде. Осындай деңгейдегі дәстүрлі іс - шара биыл он жетінші рет өтуде, осы жылы белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері-Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналған.

Акция ұлттық әдебиеттің үздік туындыларын ілгерілету және жастарды өскелең ұрпақтың рухани және патриоттық тәрбиесіне баулу мақсатында өткізіледі.

Тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының апталығы аясында «Южный» кітапхана-филиалы базасында «Төлен Әбдіков – қазіргі қазақ прозасының шебері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті бағытының 2 курс студенттері және Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 2 курс студенттері қатысты.

Студенттерге «Қазақ жерінің дана ұлы» бейнеролигі көрсетілді, одан кейін қатысушылар алдында тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының филология ғылымдарының кандидаттары Кенжегүл Сегізбаева «Төлен Әбдіков – қазақ әдебиетінің корифейі» тақырыбында және Күлзада Мырзағалиева «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» әңгімесіндегі кейіпкерлер туралы ой-толғаныс» баяндамасымен сөз сөйледі. Содан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар оның шығармаларының ерекшеліктерін, кейіпкерлерінің бейнелерін талқылады, сондай-ақ философиялық құндылық пен адам өмірінің қайғылы қақтығыстары туралы айтты.

Ал 2 курс студенттері Индира Артықбай мен Аружан Мұратқызы талқылау үшін Төлен Әбдіковтың «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» және «Оң қол» шығармаларын ұсынды.

Қонақтар пікір алмасып, «Бір ел – бір кітап» акциясын қолдады.

Кездесу соңында модератор Салтанат Ысқақова жазушының шығармашылығына арналған «Жазушының парасат биігі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Қабылдау комиссиясы