Baitursynuly University Филология және практикалық лингвистика кафедрасында «Тәуелсіз ел – Қазақстан» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – тәуелсіздіктің маңызын тереңірек түсіну және жастардың бойында Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту.
Қонақта 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлері – Әбілтаева Шолпан Елегенқызы мен Бекмұханбетова Бибігүл Бексұлтанқызы өскелең ұрпақпен өз естеліктерімен бөлісіп, үлгі-өнеге көрсетті.
«Филология және практикалық лингвистика», «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары тәуелсіздік тақырыбында поэзиялық шығармалар оқыды.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Руслан Жүсіпов, филология және практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі - Алмасбек Әбсадық, қауымдастырылған профессор - Досова Алма тәуелсіздіктің республика мен әрбір азамат үшін құндылығы мен маңызы жайында ойларын ортаға салды.