Бүгін «Өнер» шығармашылық үйі түлектерінің бенефис-концерті өтті. Төрт жыл бойы «Өнер» студиясының тәрбиеленушілері әр түрлі деңгейдегі жарыстарда университеттің абыройын қорғап, оқу орнының қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысты.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 20 жылдан астам уақыт бойы «Өнер» шығармашылық студиясы жұмыс істейді, оның басты міндеті – жастарға эстетикалық тәрбие беру. Студияда болашақ мамандықтары өнермен байланысты емес студенттер табиғи дарындарын ұштайды.
Оқу жылының соңында «Өнер» студиясының ең дарынды және белсенді студенттерінің бенефис-концертін өткізу дәстүрге айналды.
Студенттер мәдениет үйінің биылғы түлектері: А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының студенті Марғұлан Абузара және В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының студенті Камила Тайтинова, сондай-ақ П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттері Ақбота Дүйсенбай мен Алина Смаковая.
Түлектер оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін ректордың мақтау қағаздарымен, ал ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ оларға негізгі дипломмен бірге қоғамдық кәсіпті игергені үшін сертификаттар табысталады.