object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-19 12:59:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Өнер» студиясы түлектерінің бенефис-концерті

Бүгін «Өнер» студенттер мәдениет үйі түлектерінің бенефис-концерті өтті. Төрт жыл бойы «Өнер» студиясының тәрбиеленушілері әр түрлі деңгейдегі жарыстарда университеттің абыройын қорғап, оқу орнының қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысты.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 20 жылдан астам уақыт бойы «Өнер» шығармашылық студиясы жұмыс істейді, оның басты міндеті - жастарға эстетикалық тәрбие беру. Студияда болашақ мамандықтары өнермен байланысты емес студенттер табиғи дарындарын ұштайды.

Оқу жылының соңында «Өнер» студиясының ең дарынды және белсенді студенттерінің бенефис-концертін өткізу дәстүрге айналды.

Студенттер мәдениет үйінің биылғы түлектері: В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының студенті Перизат Ғиса, осы институттың тағы бір студенті Сағындық Садық, П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының үш бірдей студенті Нұрсұлтан Жұмаған, Гүлназ Жұмағанова және Гаухар Рүстемқызы, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың студенті Ақмарал Төретбаева, сондай-ақ А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институттың студенттері Жанболат Жанділдин, Расул Әбілмәжінов, Жанар Торанова.

Студия түлектері негізгі дипломмен бірге қоғамдық кәсіпті игергені үшін сертификаттарға ие болады.

Қабылдау комиссиясы