object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 06:08:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерге арналған Наурызнама

AIA «мүмкіндігі шектеулі студенттер: құқықтық қорғау және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» гранттық жобасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика магистрі, грантхолдер Виталий Руднев университеттің инклюзивті білім беру және инновациялық білім беру технологиялары мен практикалық психология орталығы бірлесіп «Тандыр» ұлттық шығыс мейрамханасында «Наурызама-2024» мәдени-демалыс шарасын ұйымдастырды.

Оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер, еріктілер және жобаның  топ мүшелері қатысты. Филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ақжан Алтыбаева Наурызнамадағы әрбір оқиғаның маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Практикалық психология орталығының меңгерушісі Роза Жанғалиева мен инклюзивті білім беру орталығының меңгерушісі Сәуле Айтқожинова тренингтік ойындар өткізді. Студенттер мерекенің барлық кезеңдерінде қызығушылық танытты. Бұл форматтағы іс-шаралар ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді біріктіруге және оларды қоғамға бейімдеуге ықпал етеді.

Қабылдау комиссиясы