Біздің студенттер Универсиадаға қатысады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында 11-ші жазғы универсиадасын өткізеді. Универсиада Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай қалаларында 36 спорт түрлері бойынша өтеді.

Оған А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і спорттың 7 түрінен қатысады: қазақ күресі, тоғызұмалақ, жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс, кір көтеру, пауэрлифтинг, грек-рим күресі.

Пауэрлифтинг бойынша жарыстар Қостанайда 18-мен 23 мамыр аралығында Гашек көшесі, 1 мекен-жайы бойынша спорт академиясында өтеді. Жарыстың бас төрешісі - Александр Белегов, бас хатшысы - Игорь Шилов.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы