Таңданыс, мақтаныш және отансүйгіштік сезімі. Baitursynuly University-дегі 7 және 9 мамырға арналған мерекелік концерт көрермендерді бей-жай қалдырмады.
ҚӨУ әскери кафедрасының студенттері мен оқытушылары және «Өнер» шығармашылық үйінің өнерпаздары әсерлі өнер көрсетіп, бірлік пен патриотизм рухын таратты.
– Осы көктемде біз ауқымды жұмыс атқардық, – деді ҚӨУ әскери кафедрасының басшысы, полковник Олег Оборин. – Біздің студенттер мен оқытушылар Қостанай қаласының барлық дерлік мектептерін аралады. Жерлестеріміз – Ұлы Отан соғысының батырлары туралы, Отанды қорғаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Бұл туралы мектеп оқушыларымен сөйлесіп, жұмысты жалғастыру маңызды мәселе.
Концерт тақырыбы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын және Отан қорғаушылар күнін қамтыды
Көрермендер бірде ду-қол шапалақтап, бірде көздеріне жас алды.
Баршаға таныс әскери әндер, әсерлі қол күрес көрсетілімдері, жүрек тебірентер хореографиялық қойылымдар, қарумен дефиле және домбырамен шырқалған «Катюша» әні – бәрі де көңілден шықты.
Бәрі шыныменде керемет болды!
Концертті ұйымдастыруға атсалысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз!
Мереке құтты болсын, құрметті біздің ҚОРҒАУШЫЛАР!